Түркия грек теңізшілерді эвакуациялады

Грек теңізшілер түрік үкіметі мен елшілігіне алғыс білдірді.

1405778
Түркия грек теңізшілерді эвакуациялады

Түркияның Джибутидегі Өкілетті елшілігінің көмегімен Джибутиде қалып қойған үш грек теңізші Түркияға жеткізілді. 

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Грекия органдарының ресми сұранасына орай эвакуацияланған үш грек теңізшіні Түрік Әуе жолдары алып келді. Теңізшілер 68, 71 және 77 жасында.

Грек теңізшілер түрік үкіметі мен елшілігіне алғыс білдірді. 

Ұшақтан түскеннен кейін теңізшілерді Грекияның Түркиядағы елшілігінің көлігі шекараға қарай алып кетті. 



Ұқсас жаңалықтар