"Түрік жұлдыздары" балалар үшін ұшты

“Түрік жұлдыздары” акробаттық тобы арнайы қойылымның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

1404115
"Түрік жұлдыздары" балалар үшін ұшты

Түрік жұлдыздары 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдық мерейтойына орай арнайы қойылым жүзеге асырды. 

Әуе күштері қолбасшылығының Кониядағы базасындағы  “Түрік жұлдыздары” акробаттық тобы арнайы қойылымның видеосын әлеуметтік желіде жариялады. 

Жазбада Мұстафа Кемал Ататүріктің “Кішкене ханымдар мен мырзалар! Сіздер - болашақтың бір гүлі, жұлдызы және биіктердің жарығысыңдар. Елді жарқын болашаққа сендер жеткізесіңдер” деген сөздеріне орын берілді. 

“Осы арнайы видеомызбен Мәжілістің 100 жылдығы және баралардың мерекесімен құттықтаймыз” деп айтылған жазбада Түрік жұлдыздарының 9 минут 43 секундтық видеосы жарияланды. 

Видеоның соңында “Біз бүгінгі күннің кішкентайлары,  ертеңгі күннің ересектері,  болашақ жарқын күндер үшін үйде отырған балалар үшін ұштық. Сүйікті балалар, 23 сәуір Ұлттық Егемендік және балалар меркесі құттық болсын!” деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар