32 мың түрік азаматы елге жеткізілді

76 елден 32 мың шақты түрік азаматы елге жеткізілді.

1403541
32 мың түрік азаматы елге жеткізілді

Коронавирустың жаңа түріне байланысты сақтық шаралары шеңберінде қазірге дейін 76 елден 32 мың шақты түрік азаматы елге жеткізілді. 

ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропа Одағы басқармасы төрағасы Фарук Каймакчы “Covid-19 процесінде Еуропа Одағы мен Түркия-ЕО қатынастары” тақырыпты вединарда сөз сөйледі. 

Каймакчы дағдарыстың басынан бері Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғуның нұсқауымен коронавирусқа байланысты “Координация және қолдау орталығының” қалыптастырылғанын айтты. Орталықты Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыранның басқарғанын білдірді. 

Осы орталықтың басқаруында бір топтың азаматтармен, басқа бір топтың дәрі және медициналық материал талаптарымен, басқа бір топтың болса қатынас мәселеері және шекара қақпаларымен айналысқанын атап көрсетті. Каймакчы министрлік жанындағы байланыс орталығының да азаматтарға қолдау бергенін айтты. 

“Біз тек өз азаматтарымызды жеткізу ғана емес, Түркиядағы шетел азаматтарын да өз елдеріне жеткізуге көмектестік. Бүгінгі деректерге сүйенсек, 76 елден 32 мың шақты азаматымызды Түркияға әкелдік. Түркиядан да 175 мың шақты шетел азаматарын шығарып салдық” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар