Түркияда бір күнде 117 адам қайтыс болды

Түркияда коронавирустан қайтыс болған адам саны 2 мың 372 -ге жетті.

1403661
Түркияда бір күнде 117 адам қайтыс болды

Түркияда коронавирустан қайтыс болған адам саны 2 мың 372 -ге жетті. 

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми кеңеспен өткен жиналыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол соңғы бір тәулікте Covid-19 эпидемиясынан 117 адамның қайтыс болғанын,  осылайша жалпы өлім-жітім санының 2 мың 372 -ге жеткенін білдірді. 

Министр Кожа осы мерзімде 37 мың 535 сынама жүргізіліп,  3 мың 083 жаңа оқиға тіркелгенін айтты. 

Кожа сауығып шыққан 1 559 адамды қосқанда жазылып кеткендердің 16 мың 477 екенін білдірді. 

Министр сақтық шаралары орындалған сайын оқиға мен өлім-жітімнің азайғанын,  әзірге эпидемияның бақылауға алынып келе жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар