Түркия Сомалиге медициналық жәрдем берді

Түркияның медициналық  жәрдем тасымалдаған әскери жүк ұшағы Анкарадан Сомалиге ұшып кетті.

1400015
Түркия Сомалиге медициналық жәрдем берді

Жаңа коронавируспен күресу аясында Түркияның медициналық  жәрдем тасымалдаған әскери жүк ұшағы Анкарадан Сомалиге ұшып кетті. 

Жаңа типті коронавируспен күресуге қолдау көрсету мақсатымен әлем көлемінде індеттен зардап шеккен елдерге жасалған жәрдем жалғасуда. 

Осы шеңберде Денсаулық сақтау министрлігі және Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан дайындалған жәрдем бұйымдары Анкара Этимесут әскери әуежайынан Түрік Әуе күштеріне тиесілі A400M типті жүк ұшағына жүктеліп, Сомалидің астанасы Могадишоға жіберілді.  

Түркия бұдан бұрын Ұлыбритания, Италия, Испания, Солтүстік Македония, Черногория, Сербия, Босния және Герцоговина мен Косовоға де медициналық жәрдем берген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар