Шетелде өмір сүретін азаматтар елге жеткізіледі

Чавушоғлұ жаңа коронавирус індеті салдарынан шетелде қалған түріктердің қысқа мерзім ішінде елге жеткізілетінін білдірді.

1398595
Шетелде өмір сүретін азаматтар елге жеткізіледі

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ жаңа коронавирус індеті салдарынан шетелде қалған түріктердің қысқа мерзім ішінде елге жеткізілетінін білдірді. 

Чавушоғлұ шетелдегі түрік азаматтарының елге әкелінуіне байланысты твиттер арқылы мәлімдеме жасады. 

Осы таңға дейін шетелде уақытша өмір сүрген және қайтқысы келген 25 мың азаматты 70 елден Түркияға әкеліп, карантинге алғанын баяндаған Чавушоғлұ сөзін былай жалғастырды: "

"Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығы бойынша уақытша шетелде өмір сүрген және елге қайту үшін өтініш берген азаматтарымызды ең қысқа мерзімде елімізге әкелеміз". 

 



Ұқсас жаңалықтар