Коронавируспен күресуде Түркия барша әлемге үлгі болуда

Алтун "Түркия талай жылдан бері медициналық жүйесіне инвестиция салған еді. Түркия енді осы инвестицияның пайдасын көруде" деді.

1398628
Коронавируспен күресуде Түркия барша әлемге үлгі болуда

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның жаңа коронавирус індетімен күресуге байланысты "Бұдан бұрын ешқашан  теңдесі болмаған осы қауіптен барша әлем үрейленуде. Түркия талай жылдан бері медициналық жүйесіне инвестиция салған еді. Түркия енді осы инвестицияның пайдасын көруде" деді. 

Алтун твиттер арқылы ағылшынша жасаған мәлімдемесінде осы процесте президент Режеп Тайып Ердоғанның көрсеткен лидерлік тұғырына назар аударып, "Президент Режеп Тайып Ердоғанның бірінші күннен бастап ұстанған табанды тұғырының арқасында Түркия коронавируспен күресуде барша әлемге үлгі болуда. Үкіметіміз медициналық жүйесін іске қоса отырып, медициналық қызметкерлеріне қолдау берді және  көптеген тест жасады. Үкіметіміз сонымен қатар коронавирусқа шалдыққандарды емдеу және вакцина тақырыбында көптеген жұмыстар істеді" деген сөздер қолданды. 

Алтун Ердоғанның "экономикаға қолдау көрсету мақсатымен 100  миллиард лиралық бір пакет дайындағанын" жариялағанын еске салып, Қазына және қаржы министрлігінің бір жағынан қаржы нарығындағы тұрақтылықты орнатса, енді бір жағынан шағын және орта дегейдегі іскерлерге жәрдем беруге тырысқанын түсіндірді. 

Түркияның дипломатиялық жақтан маңызды қадам басып, жәрдем талап еткен елдерге әртүрлі көмек беруге талпынғанын мәлімдеген Алтун "Жасаған гуманитарлық жәрдемдермен барша әлемге үлгі болудамыз және коронавирус мерзімінде де орнымызды қорғаудамыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар