Түркияда бір тәулікте 97 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирус індетінен жалпы 1198 кісі көз жұмды.

1396539
Түркияда бір тәулікте 97 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирустың жаңа түрінен өлім-жітім мың 198 кісіге жетті. 

Соңғы бір тәулікте вирус салдарынан 97 адам мерт  болды. Осылайша қайтыс болған адам саны 1198-ге көбейді. 

Соңғы бір тәулікте 35 мың 720 кісіге тексеру жүргізіліп,  4 мың 789  жаңа оқиға тіркелді. 

Бүгін сауығып шыққан 481 науқасты қосқанда айыққандар саны 3мың 446 кісіге жетті. 



Ұқсас жаңалықтар