Террористтер ауыл тұрғындарына шабуылдады

PKK террористтері бес адамды өлтірді.

1393641
Террористтер ауыл тұрғындарына шабуылдады

Диярбакырдың Кулп ауданында отын жинауға шыққан ауыл тұрғындарына террористтер шабуылдады. PKK террористтері бес адамды өлтірді. 

Акиматтың хабарламасына қарағанда,  Кулп ауданының Гүлеч ауылында таңертең ертемен отын жинауға шыққан азаматтар отырған көлікке террористтер шабуыл жасады. 

“Кулптағы террорлық лаңкестікте бес адам қайтыс болды” деп айтылған хабарламада шабуылдың жауаптыларының анықталуы және ұсталуы үшін қауіпсіздік күштерінің операция бастағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар