Түркияда коронавирустан 75 жан мерт болды

Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті жан шығыны 75 кісіге көбейді. Вирусты жұқтырған кісі саны 3 мың 629.

1385804
Түркияда коронавирустан 75 жан мерт болды

Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті жан шығыны 75 кісіге көбейді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"Тағы16 науқастан айырылдық. Бүгінге дейін қайтыс болған кісі саны 75-ке жетті, вирусты жұқтырған кісі саны 3 мың 629" деді.

Министр Кожа соңғы 24 сағатта 7 мың 286 кісіге тест жасалғанын және вирусты жұқтырған кісі саны мың 196 болғанын білдірді. 

Денсаулық сақтау министрі Кожа мәлімдемесінде:

"Сіздерді алдын алу шараларын мұқият атқаруға шақырамын" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар