Түркияда вирустан 59 кісі мерт болды
Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті жан шығыны 59 кісіге көбейді.
Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті жан шығыны 59 кісіге көбейді.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:
"Тағы 15 науқастан айырылдық. Бүгінге дейін қайтыс болған кісі саны 59-ға жетті" деді.
Министр Кожа соңғы 24 сағатта 5 мың 35 кісіге диагноз қойылғанын және вирусты жұқтырған кісі саны 561 болғанын білдірді.
Денсаулық сақтау министрі Ғылым Кеңесімен өткізген жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде 26 науқастың сауығып, емханадан шыққанын хабарлады.
Жиналыстан кейін Ұлттық Білім беру министрі Зия Селчук мектептердің 30 сәуірге дейін жабық болатынын, алыстан білім берудің жалғасатынын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Куртулмуш Стамбул жеңісінің жылдығына орай мәлімдеме жасады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Стамбул жеңісінің 571 жылдығына орай құттықтау жариялады.