Битлисте 3 террорист залалсыздандырылды

.Битлистің ауылдық аймағында 3 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

1384018
Битлисте 3 террорист залалсыздандырылды

Қауіпсіздік күштері Битлис қаласының ауылдық аймақтарына жасаған әуе операциясында PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда ішкі қауіпсіздік операциялары аясында жандармерия қолбасшылығына қарасты арнайы операциялық топтар жүргізген әуе операциясында Битлистің ауылдық аймағында 3 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде аймақтағы операциялардың жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар