Түркияда қашықтан оқу процесі басталды

Қашықтан білім берудің бірінші сабағын министр Зия Селчук өзі берді.

1383372
Түркияда қашықтан оқу процесі басталды

ТР Білім беру министрлігі коронавирустың жаңа түрі себебімен мектептердегі бір апталық демалыстан кейін қашықтан оқу процесін бастады. 

Қашықтан білім берудің бірінші сабағын министр Зия Селчук өзі берді. Ол ата-аналарға үн қатып, әлемнің қиын кезеңнен өтіп жатқанын, баршаның жақсы күнге жетуі үшін қабылданған шараларды орындауы керектігін еске салды. 

Министр оқушылардан да жауапкершілікпен қарауларын,  сабақ бағдарламаларын бақылап отыруларын, уақыты келгенде ашып сабақ оқуын сұрады. 

Қашықтан оқу шеңберінде бастауыш мектеп,  орта мектеп және жоғары сынып оқушылары 23-27 наурыз күндері арасында TRT-EBA TV және Білім желісі EBA арқылы сабақ оқиды. 

Оқушылар  TRT-EBA TV және "eba.gov.tr"  арқылы сабақ бағдарламасын біліп отырады. Өздерінің сыныбының сабақтарын күнде тыңдай алады.

Теледидарда TRT-EBA TV Бастауыш, TRT-EBA TV Орта мектеп және TRT-EBA TV Жоғары сыныптар деген үш бөлек канал  HD және SD, барлығы алты каналда сабақ оқытылады.



Ұқсас жаңалықтар