Түркияда вирустан 2 кісі мерт болды

191 кісінің коронавирусты жұқтырғаны анықталды.

1380805
Түркияда вирустан 2 кісі мерт болды

Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті қайтыс болған кісі саны 2-ге көбейді. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"61 жастағы бір науқасымыз қайтыс болды" деді. 

Министр Кожа коронавирус жұқтырғаны анықталып, емдеуге алынған науқас санының 191 кісіге көбейгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар