1 әскер мен 3 қорғаушы шейіт болды

Расулайнда PKK/PYD/YPG террористік ұйымы мүшелері ұйымдастырған шабуылда бір әскер және 3 жергілікті қорғаныс қызметкері шейіт болды.

1377293
1 әскер мен 3 қорғаушы шейіт болды

"Бейбітшілік бұлағы" операциясымен қауіпсіз аймаққа айналған Расулайнда PKK/PYD/YPG террористік ұйымы мүшелері ұйымдастырған шабуылда бір әскер және 3 жергілікті қорғаныс қызметкері шейіт болды.

Шанлыурфа уәлаят әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде:

"Бүгін Расулайнда жол бақылу орталығына PKK/PYD/YPG террористік ұйымы мүшелері тарапынан бомба тиелген көлікпен ұйымдастырған шабуылда бір жандармерия маман онбасы және 3 жергілікті қорғаныс қызметкері шейіт болды" деп хабарланды.

Мәлімдемеде бомбалы шабуылда 7 бейуаз азаматты қамтыған 10 кісі жараланғаны білдірілді.

Жаралылар Джейланпынар мемлекеттік емханасында емделіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар