Идлибте екі әскер шейіт болды

6 әскер жараланды.

1371681
Идлибте екі әскер шейіт болды

Сирияның Идлиб аймағына бейбітшілік орнату мақсатымен жүргізілген «Көктем қалқаны» операциясында міндет атқарған екі түрік әскері шейіт болды. 6 әскер жараланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жазбаша хабарламасында Сирия үкіметі жасақтарының шабуылында екі әскердің шейіт болғаны,  6 әскердің жарақат алғаны білдірілді.

Хабарламада айырықша «Операция басталғалы бері 3138 Асад әскері залалсыздандырылып,  3 ұшақ, 8 тікұшақ, 3 ұшқышсыз дрон, 151 танк, 47 зеңбірек/гаубица, 8 әуе қорғаныс жүйесі, 12 танк соғар қару, 4 миномет, 24 бронды көлік, 27 бронды әскери көлік,  34 қарулы көлік,  60 әскери көлік және 10 оқ-дәрі қоймасы жойылды» деп айтылды.

Кеше түнде де Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Идлибте бір әскердің шейіт болғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар