Идлибте ирандық 21 террорист залалсыздандырылды
Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Идлиб қаласындағы операциялары барысында ирандық 21 террорист залалсыздандырылды.
1369346
![Идлибте ирандық 21 террорист залалсыздандырылды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/8e4f/d2bb/c3f0/5e5b5f72c7840.jpg?time=1718743330)
Иранның Құм қаласындағы діни шиіт медреселері ақпараттық сайты «Hawzahnews» парақшасының хабарына қарағанда Идлибте кеше Зейнебиййун бригадасына қарасты 18, Фатымиййун бригадасына қарасты 3 террорист өлтірілді.
Сириядағы ішкі соғыста режимнің құрлық күштеріне айналған және Иранның қолдауындағы шетелдік террористік топтар Ирак шекарасындағы Дейр-уз Зорда қоныстанған.