НАТО қолдау беруін жалғастырады

НАТО-да Түркияның талабымен өткен Сирия жиналысы аяқталды.

1368765
НАТО қолдау беруін жалғастырады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтас Түркияның әуе қорғанысына қолдау беруді жалғастыратындарын айтты.

НАТО-да Түркияның талабымен өткен Сирия жиналысы аяқталды.

Жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған Столтенберг: «Башар Асад режимінің Идлиб аймағына шабуылдары жалғасуда. 2018 жылғы бітімге дереу қайта оралу керек және Идлибте қоршауда қалған халыққа көмек жіберілуі қажет» деді.

Осы қақтығыстарда ең көп зиян шеккен елдің Түркия екенін атап көрсеткен Столтенберг Түркия мен НАТо арасында байланыс каналдарының ашық болатынын айтты.

«Барлық одақтастар көңіл айтты және Түркиямен ұйымшылдық ішінде болатындарын білдірді» деді ол.

Бас хатшы Түркияның Идлиб тақырыбында НАТО-ға әрдайым мәлімет беріп отырғанын атап көрсетті. Ол Түркияға қолдаудың жалғасатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар