Министр Акардың НАТО штабындағы байланыстары жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Брюссельдегі НАТО штаб пәтерінде АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспермен бас қосты.

1358550
Министр Акардың НАТО штабындағы байланыстары жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мүше елдердің Қорғаныс министрлері жиналысы болып өткен Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб пәтерінде АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспермен бас қосты.

Бас қосуда Сирия мен Мрактағы қауіпсіздік және қорғаныс тақырыптарымен байланысты көзқарас алмасылып, Идлибке қатысты әрі АҚШ, әрі НАТО-ның одан нақты үлес қосудың маңызына назар аударғаны білдірілді.

Акар НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы үшін барған Брюссельдегі НАТО штабында кейбір оңаша кездесулер жасады.

«Тұрақтылық қолдау қызметі елдері жиналысына» қатысқан министр Акар одан кейін Украина Қорғаныс министрі Андрей Загородникпен бас қосты.

Аймақтық жаңалықтарға қоса қорғаныс және әскери салада ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды. Кездесудің артынан Акар Грекия Қорғаныс министрі Николас Панагиотопоулос пен бас қосты.

Хулуси Акар НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы аясында жүзеге асырылған «Операциялық қызметтер» тақырыпты алғашқы отырысқа қатысты.



Ұқсас жаңалықтар