Министр Чавушоғлу словениялық әріптесімен бас қосты
Министр Чавушоғлу баспасөз мәслихатында орыс-түрік делегацияларының жиналысына тоқталды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкараға келген Ресей делегациясымен сенбі күні болып өткен Идлиб келіссөздерінің алғашқы отырысында келісім жасала алмағаны келіссөздердің жалғасқаны білдірілді.
Чавушоғлу Словения вице-премьері және Сыртқы істер министрі Мирослав Джерармен Анкарада ортақ баспасөз жиналысы өткізді.
Ресеймен жалғасқан Идлиб келіссөздерін бағалаған және келіссөздердің алғашқы отырысында келісім жасала алмағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Режимнің шабуылдары тоқтау керек, әйтпесе қажетті қадамдарды басатынымызды айттық» деді.
Келіссөздерден нәтиже шықпаған жағдайда, президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путиннің бас қосуы мүмкін екенін де білдірген Чавушоғлу «Егер келісім болғанда, бүгінгі кездесуге қажет болмас еді. Алғашқы бас қосуда ұсыныстар жасалды. Идлибте бітімге дереу бағыну талап етілді, алдымен атысты тоқтату керек. Башар Асад режимі шабуылдаушы ұстанымын дереу тоқтатсын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.