Помпео Түркияға қолдау білдірді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Түркияның Сирия армиясына қарсы әскери операцияларына қолдау білдірді.

1353405
Помпео Түркияға қолдау білдірді

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Түркияның Сирия армиясына қарсы әскери операцияларына қолдау білдірді.

Помпео жазбаша хабарлама жариялап, «Асад әкімшілігі, Ресей, Иран және Хизбулла тарапынан Идлиб халқына жасалған шабуылдарды АҚШ ретінде тағы бір рет айыптаймыз» деді.

Помпео: «3 ақпан күні координация және қақтығысты баяулату үшін қолданылған бақылау пунктінде міндет атқарған түрік әскери қызметкерлері қаза тапқан шабуылға орай НАТО-дағы одақтасымыз Түркияның жанындамыз.  Түркияның заңды қорғаныс шеңберінде басқан қадамдарын толықтай қолдаймыз. Қаза тапқандар үшін Түркия үкіметіне көңіл айтамыз» деді.

«Осындай шабуылдар доғарылуы тиіс, гуманитарлық көмектерге қолжетімділік арттырылуы керек,  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сай бейбітшілік қайта орнатылуы қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар