Чавушоғлу Әлем Экономикалық форумында

Әлем Экономикалық форумы Швейцарияның Давос қаласында ұйымдастырылуда.

1344703
Чавушоғлу Әлем Экономикалық форумында

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның мақсаты Ливияда атысты түбегейлі тоқтатып, саяси процесті жылдамдату екенін айтты.

50-ші кезекті Әлем Экономикалық форумы Швейцарияның Давос қаласында ұйымдастырылуда.

Саммитке қатысқан Чавушоғлу бір жекеменшік телеарнада сұрақтарға жауап берді.

Германия астанасы Берлинде аптаның соңында өткізілген Ливия саммитіне тоқталған Чавушоғлу:

"Түркияның мақсаты Ливияда атысты түбегейлі тоқтатып, саяси процесті жылдамдату" деді.

Чавушоғлу Хафтердің Мәскеуде болғанындай, Берлинде де ешқандай құжатқа қол қоймағанын ескертіп:

"Біздің талпыныстарымызға қарамай Хафтер Мәскеуде атысты тоқтату келісіміне қол қоймады. Берлинде де Хафтердің қолдау көрсетпеуі сауал туғызды. Бүгінге дейінгі тұғыры әскери шешімді қалайтынын көрсетті. Хафтердің саяси шешімге келгені жөн. Түркия осы бағытта талпыныс көрсетуде" деді.

Чавушоғлу Грекияның  Ливиядағы оқиғаларға Түркиямен жасалған "Теңіз билік саласын шектеу" келісімі тұрғысынан қарағанын білдірді. 

Чавушоғлу:

"Грекияның заңды үкіметті емес, заңсыз бір кісіні қолдауы тұғырының қате екенін көрсетеді. Хафтерді шақыру арқылы бізге жауап беру ниетінде. Бұл ақылды көзқарас емес. Көршіміз Грекияның Шығыс Жерорта теңізінде бөлісуді қолдайтын тұғыр ұстанғаны әбзал. Грекияның бұл әрекеті Шығыс Жерорта теңізіндегі мәселелерді шешпейді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар