Калын Ливиядағы оқиғаларды түсіндірді

Калын «Бұл аймақ  Ирак, АҚШ және Иран күштерінің бір соғыс алаңына айналды» деді.

1341307
Калын Ливиядағы оқиғаларды түсіндірді

Калын Ливиядағы жағдайды түсіндірді.

Калын «Бұл аймақ  Ирак, АҚШ және Иран күштерінің бір соғыс алаңына айналды» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын CNN International каналына сұхбат берді. Калын сұхбатта Ливиядағы дағдарыспен қатар Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында болған дағдарысты  түсіндірді.

Түркияның Ливия стратегиясына байланысты бір сұраққа Калын «Екі елдің тарихқа негізделген қарым-қатынастары бар және Түркия Солтүстік Африкада саяси тұрақтылыққа қатты көңіл бөлуде» деп жауап берді.

Калын Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің 8 қаңтарда жасаған үндеуі арқылы Ливияда атысты тоқтата бастағанын еске салды. Ибрахим Калын осы тақырып жайлы көп жұмыс істеу керектігін және Хафтер тараптарының атысты тоқтатудың арнайы шарттарды қайтадан қарау үшін мерзім талап еткенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливиядағы арнайы өкілі Гассан Саламенің талпыныстарына болымды қарағанын түсіндірген Калын Түркияның 19 қаңтарда Берлинде өткізілетін Ливия саммиті қарсаңында атысты тоқтату келісімінің жүзеге асырылуы талпыныстарына жәрдем беретінін айтты.

Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында болған дағдарысқа тоқталған Калын Түркияның аймақтың жаңа бір соғыстың батпағына батпауы үшін АҚШ және Иранмен кездесе отырып, дағдарыстың азайтылуы жайлы үндеу тастағанын білдірді. Калын «Бұл аймақ  Ирак, АҚШ және Иран күштерінің бір соғыс алаңына айналды. Екі тараптардың да аймақта өкіл қарулы күштері бар. Мәселенің басты қайнары осында» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар