"Сүлейманидің өлтірілуі аймағымыз үшін маңызды бір риск"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 2019 жылдың Сыртқы саясат тақырыптарын бағалады.

1335345
"Сүлейманидің өлтірілуі аймағымыз үшін маңызды бір риск"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иерусалим күші қолбасшысы ирандық генерал Касым Сүлейманидің АҚШ шабуылында өлтірілуінің аймақтың тұрақтылығына маңызды бір қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Чавушоғлу 2019 жылдың cыртқы саясат тақырыптарын бағалаған бір жиналыс ұйымдастырды. Чавушоғлу Сүлейманидің өлтірілуін аймақтың бейбітшілік пен тұрақтылығы үшін маңызды бір риск екенін атап, «Бұл мәселенің шешімі немесе дағдарысты азайту үшін алдымыздағы уақытта қайтадан басқа елдермен бірге талпынысымызды жалғастырамыз» деді.

Тиісті тараптардың барлығымен байланыста екендерін атап көрсеткен Чавушоғлу президент Режеп Тайып Ердоғанның Франция президенті Эммануэль Макрон, Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани, Ирак президенті Бехрем Салих және Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн Хамед Әл-Сани және Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенін, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен болса жақында әңгімелесетінін білдірді.

Түркияның бейбітшілік үшін басылатын қадамдарда әрдайым лидерлік рөл атқарғанын баса айтқан Чавушоғлу «Бұл мәселенің шешімі немесе дағдарысты азайту үшін алдымыздағы уақытта қайтадан басқа елдермен бірге талпынысымызды жалғастырамыз. Баршаға мәлім сәрсенбі күні Владимир Путин Түркияға келеді. Путинмен бұл тақырыптарды құрметті президентіміз ерекше қолға алады. Әсіресе осында барлығымыздың ортақ уайымы Ирактың басқа елдер үшін қақтығысатын майданға айналмауы. Бұл Ирак пен аймағымыз үшін аса маңызды бір риск. Иракпен де байланыстарымыз жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар