«Түркия майданда және үстелде мықты болуды жалғастырады»

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ливияға әскер жіберу рұқсатын бағалады.

1333846
«Түркия майданда және үстелде мықты болуды жалғастырады»

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылданған Ливияға әскер жіберу рұқсатымен байланысты «Түркия майданда және үстелде мықты болуды жалғастырады» деді.

Калын твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Еліміздің Солтүстік Африка және Жерорта теңізіндегі мүдделерін қорғау үшін басылған маңызды бір қадам. Түркия майданда және үстелде мықты болуды жалғастырады» деді.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да твиттерден мәлімдеме жасады. Алтун мәлімдемесінде «Түркия ретінде Ливия мен Шығыс Жерорта теңізінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау үшін бар күшімізді жұмсауға және аймақты бір жақты отарлауға тырысқандардың ойынын бұзуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар