Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грузияда

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлун Тбилисиде қабылдады.

1328115
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грузияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грузия премьер-министрі Георгий Гахариямен бас қосты.

Чавушоғлу және қасындағы делегация Түркия-Грузия-Әзірбайжан үштік Сыртқы істер министрлері 8-ші жиналысына қатысу үшін барған бас қала Тбилисиде премьер-министр Георгий Гахария тарапынан қабылданды.

Баспасөзге жабық өткен жиналыста Түркия мен Грузия арасындағы екі жақты қарым-қатынастар мен бұл ынтымақтастың одан да жетілдірілуі қолға алынды.

Екі жақты сауданы күшейту, сауда-саттық инвестицияларды ынталандыру тақырыптары күн тәртіпке келген қабылдауда Түркияның Грузияның шекара тұтастығы мен егемендігіне берген қолдауы және маңызына назар аударылды.

Бас қосуда ағымдағы жылы Түркия-Грузия Жоғары деңгейлі кеңес жиналысы және одан кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның Грузияға ұйымдастыратын сапары да қолға алынды.

Чавушоғлу мен қасындағы делегация Грузия Сыртқы істер министрі Дэвид Залкалианимен де бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар