Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Женевада

Сыртқы істер министрі Сирияда саяси шешім үшін қолдан келгенді жасауға дайын екендерін білдірді.

1324842
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Женевада

Министр Чавушоғлу Швейцарияның Женева қаласында болып өткен  «Сириялық босқындар мәселесі» тақырыпты конференциясында баяндама жасады.

Баяндамасында 371 мың сириялықтың елдеріне оралғанын еске салған Мевлұт Чавушоғлу «Қауіпсіз және ерікті түрде елге оралулардың босқын дағдарысының жалғыз шешімі екеніне сенеміз. Қажетті физикалық және қауіпсіздік шарттарды қалыптастыру үшін қауіпсіз оралуларды ынталандыру мақсатты бірге жұмыстануға тиістіміз» деді.

Түркияның сириялық босқын дағдарысына шешімді түсіндірген Мевлүт Чавушоғлу қайта оралуларын Евфрат өзенінің шығысында бір бейбітшілік коридоры құру үшін табысты бір үлгі екенін атап көрсетті.

Министр Чавушоғлу Түркияның Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарына бағыттап, 3 табысты операция жүзеге асырғанын, Идлиб дағдарысын азайту аймағынан келетін жаңа көш толқынының алдын алу жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Министр «Сирияда саяси бір шешім үшін қолдан келгенді істеп отырмыз. Әскери емес, саяси шешімнің жалғыз жол екеніне сенеміз» деді.

Атазаң комитетінің құрылуында Түркияның маңызды рөл атқарғанына назар аударған Чавушоғлу «Комитеттің келесі турының табысты өтуі үшін бар күшті жұмсаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар