Террористтердің қамқоршысы Грекияның Сириза партиясы

НАТО Басшылары саммиті аясында Лондонға барған президент Ердоған журналисттермен бас қосты.

1318400
Террористтердің қамқоршысы Грекияның Сириза партиясы

Президент Режеп Тайып Ердоған Грекияда (Социалистік) Сириза партиясының «DHKP-C», «PKK/YPG» және Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) мүшелерінің баспанасына айналғанын атап көрсетті.

НАТО Басшылары саммиті үшін барған президент Ердоған Лондонда баспасөз өкілдерімен бас қосты.

Босқын дағдарысы тақырыбында Еуроодақтың (ЕО) өздерін жалғыз қалдырып, уәделерін толық орындамағанын Еуроодақ басшыларының лидерлеріне ескерткенін білдірген Ердоған «Грекия премьер-министрі »Кириакос Мичотакиспен де мұны әңгімелестік. «Сен босқындар жайлы ‘проблемалар көп, не істесек болады? деп сұрайсың. Алдымен жасауға тиісті нәрсеңіз, Еуроодақ мүшесі екеніңізді еске түсіру. Осы тақырыпта тиісті талпыныстарыңызды ортаға қойып, Еуроодақ елдеріне қысым жасаңыз. Бұл көш тақырыбында одан болымды нәтиже алатын боласыз’ деп бұл мәселені сөйлестік» деді.

Ердоған Грекия премьер-министрі Мичотакиспен кездесуінде бұл елден террормен күрес тақырыбында қолдау күткендерін атап көрсетті.

Ердоған «Кеше кешкі уақытта құрметті Мичотакиспен әңгімемізде де тілге тиек еттім. ‘Қараңыз, бұл DHKP-C, PKK/YPG және Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) мүшелері үздіксіз сізді паналауда және қолдағы барлау бойынша Сириза партиясы олардың қамқоршысы. Сондықтан оларға қарсы біз сізден нақты ұстаным ортаға қоюыңызды күтеміз. Бұл ұстанымыңыздың біздің де сізге деген қолдауымызды арттыратынын ұмытпаңыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар