7 террорист залалсыздандырылды

Түрік әскерлеріне шабуылдағандар жойылды.

1309906
7 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясы аймағындағы Түрік Қарулы күштеріне шабуыл жасалды.  Шабуыл жасаған сепаратистік террор ұйымы YPG/PKK-ға мүше 7 террорист Айн-әл-Араб маңында залалсыздандырылды.

Террористтер қарулы ұшқышсыз әуе көліктерімен залалсыздандырылды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада: «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жүріп жатқан аймақта әскерлерімізге шабуыл жасаған 7 террорист залалсыздандырылды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар