Президент Ердоған партиясының жиналысында үн қатты

Президент Ердоған АҚШ-тың «F-35» тақырыбында келіспеушілігі жалғасқан жағдайда Түркияның қайтадан альтернатив іздейтінін білдірді.

1308949
Президент Ердоған партиясының жиналысында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың «F-35» тақырыбында келіспеушілігін жалғастырған жағдайда, Түркияның қайтадан альтернативті шаралар іздейтінін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты.

АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі жайлы мәлімдеген Ердоған «Кездесулерімізде арамыздағы көптеген мәселеге толық бір шешім таба алған жоқпыз, дегенмен бұл мәселелердің ынтымақтастығымызды бұзуына рұқсат бермегенімізді күллі әлемге көрсеттік» деді.

Ердоған «F-35 соғыс ұшағы тақырыбында қазіргі келіспеуші ұстаным өзгермеген жағдайда, Түркияның орташа мерзімді қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жаңа ізденістерге көшуге мәжбүр боламыз» делінді.

Президент Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ны ДАИШ-ке қарсы күресетін бір құрылым сияқты көрсету үшін талпынғандардың қазір жазықсыздарды қырып жатқан сол ұйымның айыбын жасыруға тырысқанын білдірді.

Сирияның солтүстігінде Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында бақылауға алынған тұрғын аймағы саны 600-ден асса, залалсыздандырылған террорист санының мың 200-ге жақындағанын атап көрсеткен президент Ердоған «Елімізге бағытталған қауіптер толығымен аяқталғанша террористтермен күресіміз жалғасады» деді.

Ердоған «АҚШ пен Ресейдің жасаған келісімдерімізге сәйкес белгілеген аймақтарды террордан толығымен тазаламағаны анық» деді.



Ұқсас жаңалықтар