Түркия Боливиядағы жаңалықтарға алаңдағанын мәлімдеді

Түркия: Боливияда Мемлекет басшысы Эво Моралестің отставкаға кетуіне себеп болған жаңалықтарды алаңдап қадағалаймыз.

1304341
Түркия Боливиядағы жаңалықтарға алаңдағанын мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігі Боливиядағы саяси жаңалықтарға орай мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Түркия әкімшіліктердің демократиялық кезеңмен билікке келу ережесін қолдайды. Осы аяда Боливияда Мемлекет басшысы Эво Моралестің отставкаға кетуіне себеп болған жаңалықтарды алаңдап қадағалаймыз» делінді.

Елде дағдарысты азайту, демократияны Боливия халқының таңдауы бойынша жүзеге асыруға шақырған мәлімдемеде жаңадан өткізілетін сайлау арқылы бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықты орнатуға тілек білдірілді.

Боливия Бас Штаб басқармасы төрағасы Вильямс Калиман кеше тікелей эфирде оқыған декларациямен Моралестің отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Кейін отставкаға кеткенін жариялаған Моралесті тұтқындауға шешім шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар