"Француз сенатының ұстанымы бізді таң қалдырмады"

«Террористтерді Элиза сарайында жоғары деңгейлі күткен бір елдің ұстанымы бізді таң қалдырмады».

1298096
"Француз сенатының ұстанымы бізді таң қалдырмады"

Түркия Француз сенаты мен Ұлттық Мәжілісінің Бейбітшілік бұлағы операциясы жайлы қабылдаған шешіміне қатаң наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Сирияда бір террор мемлекеті құруға тырысқан Франция ұшыраған өкініштің нәтижесінде осы шешімнің қабылданғаны анық байқалуда» делінді.

Француз парламенті мен осы шешімге қолдау берген Француз үкіметінің басқан осы қадамы Еуроодақ тарапынан да террор ұйымы ретінде қабылданған PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-мен ортақ ұстанымда екенін барлық әлемге паш еткені атап көрсетілген мәлімдемеде «Террористтерді Элиза сарайында жоғары деңгейлі күткен бір елдің ұстанымы бізді таң қалдырмады» делінді.

Террор ұйымымен байланысты ескертулердің Франция тарапынан назарға алынбағаны тілге тиек етілген мәлімдемеде алдында Бейбітшілік бұлағы операциясының халықаралық заңдар негізінде, заңды қорғаныс құқығы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің терроризммен күрес тақырыпты қарарларына сәйкес жалғасқанын, операцияның заңдылығының АҚШ және Ресеймен жасалатын соңғы келісімдермен де бекітілгені еске салынды.

Мәлімдемеде «Француз парламенті мен үкіметін террормен күресте террористердің емес, НАТО және еуропалық одақтасы Түркияның сабында болуға және Түркиямен ынтымақтастық жасауға шақырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар