Калын француз журналына наразылық көрсетті

Ибрахим Калын француз журналы Le Point-ке Франция тарихын ескертіп, қатал наразылық көрсетті.

1294326
Калын француз журналына наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның суретін мұқабасына қойған француз журналы Le Point-ке Франция тарихын ескертіп, қатал наразылық көрсетті.

Ибрахим Калын әлеуметтік ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Алжир, Габон, Мавритания, Сенегал, Гине, Конго,Тунис, Комор аралдары, Мадагаскар, Джибути, Мали, Бентн, Чад және Марокконы отарлаған, мыңдаған адамды қырғындаған және құл саудасын жасаған, Руанда қырғынына көз жұмған Франция... Сонымен бірге "Этникалық тазалау" жаласын жапқан бір француз журналы" деп жазды.

Ибрахим Калын:

"Президентімізге неліктен шабуылдағаны айқын: Сириядағы жандайшаптары ПКК ауыр соққы жеп, ойындары бұзылған соң сасқалақтап қалды. Қуыршақтарын қорғау үшін жанталасуда, алайда ештеңе өндіре алмайды. Күрдтер сіздің қолшоқпарыңыз емес, болмайды да. Отаршылдық күндеріңіз келмеске кетті" деген бағаландыру жасады.



Ұқсас жаңалықтар