Залалсыздандырылған террористтер қызыл категорияда іздеу салынғандар болып шықты

Ирактың солтүстігінде Гарада залалсыздандырылған екі террористтің қызыл категорияда іздеу салынған Сервет Айдын және Сөйлемез Яшар екені анықталды.

1293967
Залалсыздандырылған террористтер қызыл категорияда іздеу салынғандар болып шықты

Ұлттық Барлау ұйымы мен Түрік Қарулы күштерінің операциясында Ирактың солтүстігінде Гарада залалсыздандырылған екі террористтің қызыл категорияда іздеу салынған Сервет Айдын және Сөйлемез Яшар екені анықталды.

Қауіпсіздік қайнаркөздерден алынған мәліметке қарағанда,  бір мегзіл бұрын Ұлттық Барлау ұйымы мен Түрік Қарулы күштерінің үйлесімді жұмысымен Гара аймағында жүзеге асырылған әуе операциясында сепаратистік террор ұйымы PKK-ның басшылары залалсыздандырылды. «Гүчия» лақап атты террористтің Сервет Айдын, «Текошин Батман» лақат атты террористтің Сөйлемез Яшар екені анықталды.

Сервет Айдынның қызыл категорияда іздеу салынған, 2000 жылдары Диярбакырда міндет атқарғаны, қала орталығы мен ауылдық жерлерде көптеген лаңкестіктің арандатушысы болғаны білдірілді.

Аталмыш операцияда залалсыздандырылған Сөйлемез Яшар да қызыл категорияда іздеу салынғандар арасында болатын.



Ұқсас жаңалықтар