Чавушоғлу Бейбітшілік бұлағы операциясының 5 күнге тоқтайтынын жариялады

Чавушоғлу мұның бір атысты тоқтату емес екенін, тек "уақыттық тоқтата тұру" болатынын дәріптеді.

1290011
Чавушоғлу Бейбітшілік бұлағы операциясының 5 күнге тоқтайтынын жариялады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Сириядағы Евфрат өзенінің шығысында бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясының 5 күнге тоқтатылатынын жариялады.

Чавушоғлу мұның бір атысты тоқтату емес екенін, тек "уақыттық тоқтата тұру" болатынын дәріптеп, осы 5 күн ішінде (бөлшектеуші террористік ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD-нің қауіпсіз аймақтан (Түркия-Сирия-Ирак шекарасынан) шегінетінін хабарлады.

Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары президентінің орынбасары Майк Пенс төрағалығындағы делегациямен өткізілген кездесуден кейін баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. 

Америка Құрама Штаттары делегациясымен PYD мүшесі террористердің шегінуі, ауыр қару-жарақтардың жинаулы, сооғыс шептерінің (қақтығыстарда қолдану мақсатымен салынған ғимараттардың) күйретілуі үшін келісімге келгендерін айтты Чавушоғлу.

Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-пен Евфрат өзенінің шығысында ДАИШ-пен күреске байланысты ортақ әрекет және ынтымақтастықпен жұмыстанатындарын атап көрсетті.

Кобани тақырыбында Түркияның ешқандай кепілдік бермегенін білдірген Чавушоғлу:

"Мақсатымыз 32 километр көлемнен және Евфрат өзенінің шығысынан Ирак шекарасына дейінгі аймақта ешқандай бір террористің қалмауы және барлық аймақтың қауіпсіз аймаққа айналуы" деп баса дәріптеді.

Түркия оңтүстік шекарамызда құылуы жоспарланған террор дәлізін жою, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық әкелу мақсатымен Сириядағы Евфрат өзенінің шығысында 9 қазан күні Бейбітшілік бұлағы операциясын бастаған болатын.

Президент Режеп Тайып Ердоған операцияның себебін Анкараға сапарлай келген Америка Құрама Штаттары президентінің орынбасары Майк Пенспен оңаша кездесуде баяндады, артынан осы тақырыптағы делегациялар арасындағы жиналысқа төраға болды. 

Жиналыстан кейін Пенс Түркияның Бейбітшілік бұлағы операциясын 120 сағатқа тоқтата тұратынын, осы барыста АҚШ-тың бөлшектеуші террористік ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-нің қауіпсіз аймақтан (Түркия шекарасынан 20 километр алысқа) шегінуін қамдайтынын айтты. 

Майк Пенс Түркия мен АҚШ-тың ДАИШ-тың Сирияның солтүстік шығысынан толық жойылуы тақырыбында да ортақ көзқарасқа келгенін білдірді.

Кездесулерден кейін әлеуметтік ақпарат желісінен алғашқы мәлімдемені жасаған АҚШ президенті Дональд Трамп:

"Рахмет Ердоған" деген сөзін бөлісті.

  



Ұқсас жаңалықтар