Чавушоғлу ешқандай эмбарго мен құқай көрсетудің қабыл алынбайтынын айтты

Чавушоғлу ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізді қорғау қажет болғанда қайдан келгеніне қарамай ешқандай эмбарго мен құқай көрсетудің қабыл алынбайтынын айтты.

1289243
Чавушоғлу ешқандай эмбарго мен құқай көрсетудің қабыл алынбайтынын айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізді қорғау қажет болғанда қайдан келгеніне қарамай ешқандай эмбарго мен құқай көрсетудің қабыл алынбайтынын айтты.

Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне мәлімет берген Чавушоғлу кейбір елдердің операциядан мазасыз болғанын мына сөздермен жариялады:

"Олардың мазасыздығының себебі біз бұл ойынды бұздық. Шекарада бір террористік ел құруды армандаған еді. Бізге осыншалықты шабуылдауларының себебі де біздің ойындарын бұзуымызбен бірге қиялдарының жермен-жексен болуы, себебі міне, осы."

Батыстың екібеткей тұғырын жақсы білгендерін және көргендерін тілге тиек еткен Чавушоғлу қауіпсіз аймақ құру тақырыбында АҚШ-пен кездесулерден нәтиже шықпағанын, Сирияның территория тұтастығын террористік ұйымды қолдаушылар елеп- ескермегенін айтты. 

ДАИШ тұтқындарының жағдайына тоқталған Сыртқы істер министрі шетелдік барлық террористердің елдеріне жолдануы ең негіздік шешім болатынын дәріптеді.

АҚШ-тың Түркия эмбарго жасау шешіміне байланысты:

"АҚШ-тың тек тарапты саясаттары мен шешімдеріне қаратқан тұғырымыз айқын. Ұлттық өміршеңдік мүдделерімізді қорғау қажет болғанда қалған барлық істер құр сөз ғана. Осындай шұғыл кезеңде қайдан келгеніне қарамай ешқандай эмбарго мен құқай көрсетулер қабыл алынбайды және біздің бекімімізге әсер жасамайды. Аталмыш эмбарголарға лайықты жауабын береміз, қажетті қадамдарды басамыз" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар