Президент Wall Street Journal» газетіне мақала жазды

Президент Ердоған барлық елдерге Түркияның Сирия тақырыбында қолдауға шақырды.

1288205
Президент Wall Street Journal» газетіне мақала жазды

Американ «Wall Street Journal» (WSJ) газеті үшін жазған мақалада Сирияда Евфрат өзенінің шығысында бөлшектеуші террор ұйымдары YPG/PKK және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясын бағалады.

Ердоған «Біреулер қозғалмағанда, Түркия қадам басуда» тақырыпты мақалада Сирия ішкі соғысы басталған 2011 жылдан бері ешбір елдің көз алдында болып жатқан гуманитарлық жағдайдың қайғысын Түркиядай сезінбегенін атап көрсетті.

Ердоған Түркияның 3,6 миллион сириялық босқынды қабылдағанын, босқындардың оқу, денсаулық және баспана қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 40 миллиард доллар қаржы жұмсағанын атап көрсетті.

Ердоған Түркияның халықаралық қоғамнан өте аз қолдау көргенін, қонақжайлық мәдениетінің міндеті ретінде соғыстан зардап шеккен миллиондаған адамды күтудің жүгін мойындағанын атап көрсетті.

Ердоған «Дегенмен енді Түркия жасай алатындарының шегіне жетті. Халықаралық қаржылай қолдау болмастан босқындардың батысты паналауын тоқтата алмайтынымызды қайта қайта ескерттік. Жауапкершіліктен қашқысы келген мемлекеттер нәтижесіз аяқталған ескертулерімізді шындықты жеткізу ретінде емес, қорқыту рет болып көрсетті. Халықаралық қоғамның қажетті қадамдарды баспайтынын ұққан соң Сирияның солтүстігі үшін жаңа бір жоспар жетілдірдік» деді.

Мақаласында мақсаттың YPG/PKK және ДАИШ-пен күрес екеніне назар аударған Ердоған «Сириялық күрдтерді PKK террор ұйымымен теңдестіруге қарсымыз» делінді.

Халықаралық қоғамның Сирия дағдарысын барлық аймақты бір тұрақсыздық құйынына айналу процесінің алдын алу мүмкіншілігінен айырылғанын атап көрсеткен Ердоған «Көптеген ел осы келіспеушіліктен туындаған заңсыз көш пен артып отырған террор шабуылдары сияқты болымсыз ықпалды ауыр сынады. Бейбітшілік бұлағы операциясы халықаралық қоғамға Сириядағы өкілетті соғыстарды тоқтату және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қайтадан қамтамасыз ету үшін Түркияға қолдау беру мүмкіншілігін тағы бір рет ұсынады. Еуроодақ пен әлем Түркияның жұмыстарына қолдау беруге тиісті» делінді.



Ұқсас жаңалықтар