Террористер операция аймағында бейуаздарға шабуылдады

YPG/PKK Жераблуста азаматтар паналаған лагер мен азаматтық елді мекендерді атқылады.

1285960
Террористер операция аймағында бейуаздарға шабуылдады

Сирияда Евфрат өзенінің шығысын жаулап жатқан террористік ұйым YPG/PKK Жераблуста азаматтар паналаған лагер мен азаматтық елді мекендерді атқылады.

Түркияның оңтүстік шекарасында құрылуы жоспарланған террор дәлізін жою, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатымен Түрік Қарулы Күштерінің YPG/PKK және ДАИШ террор ұйымдарына бағыттап бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясының артынан террор ұйымы Сирияда бейуаз азаматтарды нысанаға алуда.

Террористік ұйым YPG/PKK  Сирия мен Түркия шекарасында Евфрат Қалқаны операция аймағында орын алған Жераблус ауданында бейуаз азаматтар паналаған лагер мен азаматтық елді мекендерге шабуыл жасады.

Шабуылда бір бейуаз азамат қаза тапты, 7 азамат жараланды. 

Жераблуста Түрік Қарулы Күштері және сириялық оппозиция жауынгерлері жүргізген Евфрат Қалқаны операциясы арқылы 2016 жылы тамызда террористік ұйым ДАИШ-тан тазаланған еді. 

Террористік ұйым YPG/PKK-ның Сирияның солтүстігінде Евфрат Қалқаны операциясы аймағындағы Баб ауданына ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 8 бейуаз жараланды.



Ұқсас жаңалықтар