"Түркияның өзін-өзі қорғауға құқығы бар"

Президент Ердоғанның қауіпсіз аймақ тақырыбында мәлімдемесіне Ресейден қолдау келді.

1281156
"Түркияның өзін-өзі қорғауға құқығы бар"

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қауіпсіз аймақ тақырыбында «Біз бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсынамыз. Егер мүмкін болмаса, біз өз жолымызды жасаймыз» деген мәлімдемесіне Ресейден қолдау келді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ әкімшілігінің бүкіл аймақты өзі бақылауға алуға тырысқанын атап көрсетті. Түркияның заңды алаңдаушылығын назарға алмағанын мәлімдеді. «Ердоғанның ұстанымы өте түсінікті» деді ол.

Лавров Сирия мен Түркия арасында шекара аймағы тақырыбында жасалатын келісімге қолдау беретіндерін атап көрсетті.

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков болса Ресейдің оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. «Түркияның өзін-өзі қорғауға құқығы бар» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар