ПКК-ға бағытталған Қыран-4 операциясы басталды

Қыран операциялары террормен күрес аймақтарында жалғасады.

1277148
ПКК-ға бағытталған Қыран-4 операциясы басталды

Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған Қыран-4 операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда шетелдердегі террормен күрес операцияларымен бірге ел ішінде Хаккари, Шырнак, Ван, Сиирт және Мардиннің таулы аймақтарында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның қыстық қоныстану дайындықтарын бұзу, қозғалыс қабілеті әлсіреген террор ұйымын қыстық ініне кіруден бұрын жою және ұйымның басқару орталық жүйесін ойрандау, хабарласу желісін үзу, террористердің аймақтар арасына өтуіне кедергі жасау арқылы көзін құрту мақсатымен 17 тамызда көлемді "Қыран" операциялары басталды.

Осы аяда Карс-Ағры-Ығдыр таулы өңірлерінде Чемче-Мадур аймағын орталық ете отырып 24 қыркүйекте Ерзурум Жандармерия аймақтық қолбасшылығы тарапынан Қыран - 4 операциясы жүргізілді.

Жандармерия, полиция арнайы күштері және қауіпсіздік қорғаушыларынан 1125 қызметкер, 75 операция бөлімі міндет атқарған операцияда 25 қыркүйекте қолдан жасалған жарылғыш қолға түсірілді.

17 тамызда басталған және жалғасып жатқан Қыран-1, Қыран-2, Қыран-3 операцияларында 48 террорист залалсыздандырылды.

Операцияларда 58 үңгір, баспана және қойма күйретілді, көптеген қару-жарақ, азық-түлік, тіршілік материалдары қолға түсірілді.

Қыран операциялары террормен күрес аймақтарында жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар