Ирактың солтүстігінде 2 әскер шәйіт болды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі оқиға туралы мәлімдеме жасады.

1274647
Ирактың солтүстігінде 2 әскер шәйіт болды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористтер тарапынан алдын ала жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 2 әскер шәйіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігінде әскери логистикалық керуен өткен жолда жарылыс болды. Мәлімдемеде жарылыстың салдарынан 2 әскердің шәйіт болғанына орын берген.

Мәлімдемеде «Бізді өкіндірген осы оқиғада шәйіт болған әскерлерімізге Алланың рақымшылығын тілеп, жанұясы, Түрік қарулы күштері және түрік ұлтына көңіл айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар