Черногория Сыртқы істер министрі Анкарада

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ортақ баспасөз мәслихатында Кипр мәселесіне тоқталды.

1266908
Черногория Сыртқы істер министрі Анкарада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Кипр тақырыбында Түркия мен Кипрлық түріктердің ортақ мүдделері бар екенін атап көрсетті.

Чавушоғлу бас қала Анкарада Черногория Сыртқы істер министрі Срджан Дармановичпен оңаша және делегация аралық кездесті. Кездесудің артынан Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ортақ баспасөз мәслихаты өткізілді.

Чавушоғлу Кипр мәселесіне қатысты Түркияның ешбір ықтималды шеттетпегенін және басқа мүмкіншіліктерге де қарау керектігін атап көрсетті.

Нәтиже алуға бағытталған келіссөздер аясында аймақтың нақты ұстаным ортаға қою керектігін білдірген Чавушоғлу «Біздің және кипрлық түріктердің бас тартпайтын ортақ мүдделері бар. Осылардың ең маңыздысы саяси теңдік мәселесі мен кезекті басшылық жасау тақырыбы. Осылардың тез арада анықталып, дағдарысты тақырыптардан шығару керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар