Сыртқы істер министрі Таллинде

Чавушоғлу Эстонияның бас қаласы Таллинде әріптесі Урмас Рейнсалумен кездесті.

1260610
Сыртқы істер министрі Таллинде

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия ақшасын төлеген F-35 ұшақтарын ала алмайтын болса, басқа елдердің әскери ұшақтарына бағытталатындарын айтты.

Чавушоғлу кеше Эстонияның бас қаласы Таллинде әріптесі Урмас Рейнсалумен кездесуінен кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол бір журналистің Түркияның Ресейден ұшақ алып алмайтыны жөніндегі сұрағына жауап берді.

Түркияның Америка Құрама Штаттарынан әуе қорғаныс жүйесі алуға тырысқанын, алайда ала алмағанын еске салған министр: «Бұл жедел мұқтаждық болатын және S-400 жүйесін алуға мәжбүр болдық.  Біз F-35 бағдарламасының серігіміз. Түркия F-35 бомбалаушы ұшақтарының кейбір бөлшектерін өндіреді. Біз F-35  ұшақтарын  алғымыз келеді, бұл үшін 1,4 миллиард доллар төледік.  Ұшақтарды ала алмасақ,  жаңа альтернативаларды қарастырамыз» деді.

Ресейде президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге көрмеге қатысып,  Ресейдің Су-57 ұшағын және басқа да өнімдерді көргендерін білдірген министр Түркияның тек Ресей емес,  Украина және Эстония секілді елдермен де жақсы қатынастары бар екенін еске салды.

Чавушоғлу Украинаның территория тұтастығын қолдайтындарын атап көрсетіп,  Қырымның заңсыз түрде аннекциясын танымайтындарын, кейбір батыс елдерінің мұны ұмытқанын айтты.

Чавушоғлу Эстонияда өзіне деген құрметке алғыс айтып,  Эстония премьер-министрі Юри Ратас тарапынан қабылдауы мен әріптесімен кездесуінің өте жақсы өткенін білдірді. «Екі жақты қарым-қатынастар керемет. Түркия үшін Эстония тек НАТО-дағы одақтас қана емес,  сонымен бірге сенімді серік» деді ол.

Чавушоғлу Эстонияны тәуелсіздігінің 100 жылдығы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне екі жылдық мүшелегіне байланысты құттықтады. Ол кездесулерде екі ел арасында ортақ сауда және экономикалық комиссия құрылуына шешім берілгенін атап көрсетті.

Эстония Сыртқы істер министрі Рейнсалу да кездесуде қауіпсіздік тақырыптарының қолға алынғанын айтып: «Түркия – өте маңызды НАТО одақтасы.  Түркия айырықша НАТО-ның Таллиндегі Ортақ кибер қорғаныс орталығының ең тамаша қатысушыларының бірі» деді.



Ұқсас жаңалықтар