Венесуэлаға байланысты мәлімдеме

Түркияның Венесуэлаға ұстанымы өзгермеді.

1255030
Венесуэлаға байланысты мәлімдеме

Түркия Венесуэламен қарым-қатынастардың ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің егемендік құқықтарына,  халықтың таңдауына және демократияға құрмет принциптері мен өзара мүддеге сүйенгенін хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой Түркия мен Венесуэла қатынастары жөнінде соңғы кезде шыққан хабарларға байланысты жазбаша хабарлама жариялады.

Аксой Түркияның Венесуэламен қарым-қатынастарының ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің егемендік құқықтарына,  халықтың таңдауына және демократияға құрмет принциптері мен өзара мүддеге сүйенгенін білдірді.  Түркияның заңды үкіметтер мен атазаңдық әкімшіліктерді төңкеру үшін сырттан араласуға,  демократиялық емес әдістерді қолдануға және бір жақты санкциялар жүргізілуіне қарсы екенін атап көрсетті.

«Венесуэламен қатысты проблемаларға түбегейлі және тұрақты шешімге баратын жалғыз жолдың мағыналы диалогтан тұратынын бүгінге дейін айтып келдік. Сонымен қатар әсіресе Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға бағытталған санкцияларына байланысты жеке меншік және органдар тарапынан қабылданған шешімдер коммерциялық таңдаулар. Олардың Түркия мен Венесуэла арасындағы екі жақты ресми қатынастарға қатысы жоқ.

Түркияның Венесуэлаға байланысты ұстанымы өзгермеді.  Венесуэладағы келіспеушіліктерге түбегейлі шешім табылуын қалайтын барлық тараптардың саяси диалог үрдісіне қолдау беруін жалғастыруы өте маңызды.  Осы ынталар ішкі саяси таластар мен күнделікті мүдделер үшін зиян болмауы керек» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар