Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысына операция жасалатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысына әскери операция жасалатынын жариялады.

1247623
Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысына операция жасалатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысына әскери операция жасалатынын жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Бурсадағы Түркияның 10 қалалық емханасы мен Стамбұл мен Измирдің арасын 3 жарым сағатқа қысқартқан автожолдың ортақ тұсау кесер рәсімінде сөйлеген сөзінде:

"Осының алдында Сирияда Афринге, Джераблусқа, Әл-Баба кірдік. Енді Евфраттың шығысына кіреміз. Біз бұл мәліметті Ресей және Америка Құрама Штаттарымен бөлістік" деп көрсетті. 

"Сириядан Түркияның шекара қалаларына бағытталған шабуылдарға үнсіз қалуымыз мүмкін емес" деген Ердоған:

"Біздің сабырымыздың да шегі бар. Сабырымыз таусылды" деді.



Ұқсас жаңалықтар