Чавушоғлу Солтүстік Македонияның жақында НАТО-ға мүше болатынын айтты

Министр табиғи одақтас деп бағалаған Солтүстік Македониямен қысқа уақытта НАТО-да ресми одақтас болатындарын тілге тиек етті.

1236791
Чавушоғлу Солтүстік Македонияның жақында НАТО-ға мүше болатынын айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу табиғи одақтас деп бағалаған Солтүстік Македониямен қысқа уақыт ішінде НАТО-да да ресми одақтас болатындарын тілге тиек етті. 

Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Македонияның астанасы Скопьедегі кездесулері аясында әріптесі Николас Дмитровпен бас қосты.

Мевлүт Чавушоғлу ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында екі күннен бергі жиналыстарда екі жақтылы қарым-қатынастарды қарастырғандарын айтты. 

Чавушоғлу:

"Кемелді саяси байланыстарымыз бар. Табиғи одақтаспыз, қысқа уақыт ішінде НАТО-да да ресми одақтас боламыз" деп көрсетті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Солтүстік Македонияның НАТО-ға мүшелік хаттамасын сапары алдында мақұлдағанына ризалығын тілге тиек еткен Чавушоғлу Түркияның қолдауы жалғасатынын айтты.

Солтүстік Македонияның және Батыс Балқанның Еуропа-Атлант ұйымдарына үйлесуінің тек аталмыш елдер үшін ғана емес, аймақтың да тұрақтылығы үшін өміршең маңызға ие екенін атап өткен Чавушоғлу Солтүстік Македонияның қазан айында Еуропа Одағына қосылу келіссөздеріне бастауын үміт ететінін айтты. 

Солтүстік Македонияда 100 түрік компаниясы бар екенін, көбінің Түркияның ең мықты компаниялары екенін білдірген Чавушоғлу түрік компанияларға берген қолдауына орай Солтүстік Македонияға алғыс айтты.  



Ұқсас жаңалықтар