Ердоғаннан маңызды мәлімдеме

"Қауіпсіздігімізді кепілге алуға тырысудамыз"

1235777
Ердоғаннан маңызды мәлімдеме
erdogan istanbul gazeteciler1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған құрылғылары келе бастаған S-400 әуе қорғаныс жүйелеріне байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған: «Біз S-400 зымырандарын алу арқылы соғысқа дайындалып жатқан жоқпыз. Бейбітшілік пен өз ұлттық қауіпсіздігімізді кепілге алуға тырысудамыз. Қорғаныс өнеркәсібін жетілдіруге бағытталған барлық бастамаларымыздың да мақсаты осындай.  Бұл еріккеннің ісі емес,  мәжбүрлік. Құдай қаласы жылдың аяғына дейін бір бөлімін және 2020 жылдың сәуір айына дейін осы істі толығымен аяқтаймыз» деді.

Президент Ердоған газет және телеарналардың бас редакторларымен Вахдеттин сарайында бас қосты,  сұрақтарға жауап берді.

Ресейден алынған S-400 Әуе Қорғаныс жүйелерінің бақылауының кімде болатыны жөніндегі сұрақтарға нүкте қойды.

Ердоған «Бақылауы толығымен бізде болады.  Қарулы күштеріміз бақылауды толығымен өзі алады. Тарихымыздың ең маңызды келісімі S-400 келісімі екеніне толықтай сенемін. Себебі бір нарық түсінігі емес,  бұл сонымен бірге серік болу және бірге өндіру процесі» деді.

Президент Түркияға АҚШ-тан бағытталған санкция қорқытуларына да тоқталды.

Түркияның  F-35 бағдарламасына ортақ екенін еске салған Президент Ердоған былай деді:

«S-400 басқа нәрсе,  F-35 басқа нәрсе. Біз қазірге дейін F-35 ұшақтарына байланысты 1,4 миллиард доллар ақша төледік.  Біз осы тақырыптарда адалмыз.  Түркия егер F-35 бағдарламасынан шығатын болса, әрбір ұшақтың бағасы 7-8 миллиондай артады. Бұған шешім беру оңай емес.»

Президент АҚШ Конгресінің қорғаныс саласындағы санкцияларды қамтыған CAATSA заңына да баға берді.

S-400 келісіміне CAATSA заңынан бұрын қол қойылғанын еске салды.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен алдағы күндері сөйлесуі мүмкін екенін айтты.

Келіспеушілікті бітімге келтіретін тұлғаның Трамп екенін атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар