Ердоғанның Босния-Герцоговина сапары жалғасуда

Ердоған сапар аясында Сребреница қырғыны құрбандарын еске алу үшін ұйымдастырылған рәсімге қатысты.

1232895
Ердоғанның Босния-Герцоговина сапары жалғасуда
erdogan, srebrenitsa soykirimi2.jpg
erdogan, srebrenitsa soykirimi1.jpg
erdogan, srebrenitsa soykirimi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік-Шығыс Еуропа Одағы ынтымақтастық процесі саммитіне қатысу үшін Босния-Герцоговинаға барды.  

Ердоған бұл жерде алдымен Еуропа Одағы бейбітшілік күші тармағында  міндет атқарған түрік әскерлерімен кездесті және түскі тамақта олармен бірге болды.

Президент Ердоған одан кейін Босния-Герцоговинаның тұңғыш президенті   Алия Иззетбеговичтің қабірін зиярат етті. Ердоғанның зияратына оның ұлы  Бакир Иззетбегович серік болды.

Ердоған сонымен қатар Босния-Герцоговина Халықтар Мәжілісі төрағасы  Бакир Иззетбеговичті және Болгария премьер-министрі Бойко Борисовты жеке-жеке қабылдады.

Президент Ердоған сапар аясында Сребреница қырғыны құрбандарын еске алу үшін ұйымдастырылған рәсімге қатысты. Ердоған қырғын құрбандары үшін дұға қылды.

Рәсіммен кейін Ердоған өзіне құрмет көрсеткен қалың Босниялық азаматтармен бірге суретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар