Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Түркия Инатес қаласында әскери жасақтарға ұйымдастырылған террор шабуылын айыптады.

1229186
Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады.

Түркия Нигерияның Мали шекарасындағы Инатес қаласында әскери жасақтарға ұйымдастырылған террор шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Нигерияның батысындағы Тиллабери аймағында орын алған Инатестегі әскери жасаққа ұйымдастырылған жанкешті шабуылдарда көптеген адамның ажал құшқанына қайғырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Осы террор шабуылын қатал айыптаймыз. Бауырлас Нигерия халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың жатқан жері жаннатта болсын» делінді.

Нигерияның Мали шекарасында армияға террористтер бомбаны жарып жіберіп әскерлерге оқ жаудырған. Оқиғада 18 әскер қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар