Түркия хусилердің Абха әуежайына жасаған шабуылын айыптады

Түркия Йемендегі хусилердің Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Халықаралық Абха әуежайына ұйымдастырған шабуылын айыптады.

1225028
Түркия хусилердің Абха әуежайына жасаған шабуылын айыптады

Түркия Йемендегі хусилердің Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Халықаралық Абха әуежайына ұйымдастырған шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен шабуылға байланысты жасалған мәлімдемеде:

"Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Халықаралық Абха әуежайына қарулы адамсыз әуе көлігімен ұйымдастырылған және бір кісі мерт болған, көптеген кісінің жаралануына себеп болған  шабуылды айыптаймыз" делінді.

Мәлімдемеде Йеменде қақтығыстарды ушықтыратын әрекеттерден аулақ болу және Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығында жалғасып жатқан саяси шешім талпыныстарын қолдауға шақыру тасталды.

Хусилер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Асир аймағына орналасқан Халықаралық Абха әуежайына 23 маусымда шабуыл ұйымдастырған, шабуылда Сирия текті бір кісі мерт болған, 7 кісі де жараланған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар